ШЫМКЕНТ «ҮЗДІК ӨКІЛДІК-2022» АТАЛЫМЫНА ИЕ БОЛДЫ

0
388

Елордамызда өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

Салтанатты шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына  «Үздік өкілдік-2022» – ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі» атты номинация бойынша үздік дипломын табыстады.  Және Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміровқа «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясы аясында «Үздік мақала авторы» марапатын табыс етті. 

Жалпы, бұл марапатқа ие болу үшін 22 бағыт бойынша жұмыстар балл арқылы сараланды.

Атап айтқанда, Шымкентте  «Қожа Ахмет Яссауи һәм Ихсан ілімі» атты халықаралық танымдық конференциясы ұйымдастырылды.Оған сонау Франция, Өзбекстан, Қырғыстан және еліміздің белігі профессор ғалымдары қатысты.  «Ақсақалдар кеңесі» отырысында той, жиын өткізу мәдениеті, асабалар т.б. қаралды. Қайырымдылық бағыт бойынша 157423 отбасыға 436 589 750 теңгеге қайырымдылық көмек берген. Өкілдік тарапынан 4 кітап жарық көрген. Республикалық «Мұрана тв» телеарнасының бөлімшесі ашылды. Жат ағым жетегінде кетген 53 азамат ата дініне орылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында 37 мұсылман мазараты бар. Қала әкімдігінің қолдауымен 3,5 гектор жер телімі бөлінді. Арнайы  2 мәйітхана және мәйіт таситын 2 көлік қызмет етуде. Биылғы жылы  «Халал Даму»  сертификатын 47 мекеме жаңартты. Ал 25 мекеме жаңадан алды. Мұнымен қатар, 7 адам қасапшы сертификатын алды. 94 мекеме тексеруден өткізілді.  Call орталық жұымыс бойынша 9208 түрлі сұраққа жауап берілді. Сондай-ақ, барлық мешіттерде «ИХСАН ІЛІМІ» имандылық кітапхана бұрышы ашылды. Онда тек сараптаудан өткен «Мүфтият» баспасының кітаптарымен қамту жұмыстары қолға алынды. 

Дін мен дәсүр сабақтасты «Дін мен дәстүр сабақтастығы – ұлт ұстыны» , «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Жарасымды жанұя», «Бата беру сайысы» т.б. аймақтық семинар мен кездесулер ұйымдастырылды.

Ұлттық ойындар, сайыстар 46 рет,  ат қою дәстүрі – 283,

Ерлі-зайыптыларға кеңес беру, татуластыру бойынша – 150 рет. Ал тұсау кесер рәсімі  56 рет ұйымдастырылды. Шымкент қаласындағы 90 мешітте (ДСАК) діни сауат ашу сауат ашу курстары  ұйымдастылды, оған  20918 шәкірт  қатысты  (10715 ер,  10203 әйел). Т.б. жұмыстарды айтуға болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі