Бас мүфти Иран қазақтарымен кездесті

0
329

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Иранға іссапары барысында Горган қаласында тұрып жатқан ирандық қазақтармен арнайы кездесті. Наурызбай қажы Тағанұлы қандастармен жүздесудегі мақсат алыстағы ағайынның талап-тілегін тыңдау, рухани байланысты нығайту екенін айта келіп: «Иран жерінде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың үрім-бұтағы мол болып, бай-бақуатты ғұмыр кешуін Алла нәсіп етсін!» деді Бас мүфти. Айта кетейік, 20-жылдардың соңындағы Кеңес үкіметінің салқын саясаты кезінде Маңғыстаудың бірқатар қазақтары Иранға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бүгінде Иран елінде, атап айтқанда Горган, Күмбет және Бендер-түрікмен аймақтарында 6 мыңға туық қазақ тұрады.