Министр православтарды Пасхамен құттықтады

0
232

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады. “Бүгін православтар үшін ерекше күн – Пасха. Бұл мейрам адамдарды игі істерге жетелеп, мейірімділікке ұмтылдырады. Аталмыш рухани құндылықтар елімізге өте жақын, өйткені біздің мемлекетімізде әртүрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүріп жатыр. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырықтарыңызға шаттық пен бақ-береке, барлық игі істеріңізге сәттілік тілейміз. Пасха мерекесі құтты болсын!”, – делінген министр құттықтауында.