Бес бағыт бойынша жұмыс есебін тыңдады

0
450

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті. Жиында Бас мүфти дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасына сәйкес «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бес бағыт бойынша атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған шаралардың есебін тыңдады. «Өздеріңізге белгілі Төралқа мәжілісінде 2023 жылды діни қызмет аясында «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялап, жұмыс жоспарымызды бес бағытқа бекіткен едік. Аллаға шүкір, солардың бірқатары өздеріңіздің, имамдарымыздың, жалпы дін қызметкерлерінің жүйелі жұмыс істеуінің арқасында жоспарға сай атқарылып келеді. Жыл соңына дейін ойға алған мақсатымыз толықтай орындалатынына толық сенімдемін. Ең бастысы, Алла Тағала баршамызды бірліктен, татулықтан айырмай, күш-қуат, денсаулық берсін, дін жолындағы қызметімізге мол сауаптан жазсын» деді ҚМДБ Төрағасы. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бес бағытқа жауапты бөлім меңгерушілерінің баяндамасын, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.