«Раиса ана» мешітінде имамдарға арналған семинар өтті

0
127

Астана қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде елордалық имамдар мен ұстаздардың білімі мен біліктілігін жетілдіруге бағытталған кезекті семинар өтті.

Фиқһ ілімі бойынша «Талақ – Алла жақсы көрмейтін іс» тақырыбында өткен семинар жұмысына ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы шақырылып, арнайы дәріс оқыды.

Семинар жұмысына қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері қатысып, отбасылық күрделі жайттарға қатысты үкім шығару, пәтуа беру жұмыстарына қанықты.