«Таблиғи жамағаты немес деобандизм» ағымдары

0
116

Таблиғи жамағат ұйымы 1927 жылы Үндістанның Дели қаласы маңындағы Меват елді мекенінде негізі қаланған. Бұл діни ілімнің негізін қалаушы: Мәуләна Мұхаммед Ілияс Кандехлеви – суфизмнің диубандийлық бағытының идеологы. Деобандизм — Британдықтар мұсылман қоғамын реформалау мақсатында Үндістанның Деобанд жерінде 1867 жылы «Дарул Улюм» оқу орнында пайда болған Ханафи бағытындағы сунниттік мағынадағы Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдар.

Қызметтерінің негізгі бағыттары:

Ешқандай діни лауазымы жоқ, кезбе миссионерлердің идеяларды уағыздауы тәсілі: бір топқа жобамен он шақты адам біріге отырып, олар қарапайым оқудан кейін үйден үйге деген ұстанымға сәйкес бірнеше айға созылатын уағыздау сапарына аттанады. Шетелдегі қызметтеріне мінездеме:
 Штаб пәтері Пәкстанның Пенджаб провинциясының Райванд елді мекенінде орналасқан. Бүгінде Таблиғи жамағат мұсылмандарды және басқа діндегілерді Исламға шақырған халықаралық қозғалыс ретінде өздерін дәріптеп жүр. Көптеген мұсылман елдерінде бейресми жұмыс жасайды. Парсы Бұғазы елдеріндегі әдептері жамағат жұмысына белсенді қатысып, қозғалысты қомақты қаржымен демейді. Негізінен Таблиғи жамағат жабық қозғалыс болып табылады. Өйткені БАҚ өкілдерінен қашқақтайды және қаржы көздерін жасырмалайды, қанша өкілдері бар екенін құпия ұстайды. Соңғы зерттеулерге қарағанда бұл ұйымның террористтік топтарға қатысы бар екенін анықталған. Мәселен «Аль-Каида», «Харкатуль-Моджахиддин», «Харакатуль-Джихад Ислами» деген қозғалыстарға қатысы бар екенін айтуға болады. Таблиғи жамағат, деобандизм  Ислам дінін таратуда бейбітшілік жолды таңдады дегеннің өзінде Өзбкестан, Тәжікстан, Түркменстан, Қазақстанда да тыйым салынған ұйым болып табылады. Бұған себеп болған мәліметтерге қарағанда ислам атын жамылған экстремисттердің 80 пайызы осылардың қатарынан шыққаны анықталды. Басқаша айтқанда, Таблиғи-Жамағат – көпшілік бұқарамен  ішінде нигилистік сепаратистік ыңғайдағы ортамен қоян-қолтық жұмыс істеп, діни экстремизмге негіз дайындайды.

Бұл діни ұйымдар суннизм идеологиясына негізделгендігін айтады бірақ қарама-қайшылықтары кездеседі. Өздерін сахабалардың жолындамыз деп таныстырады. Ханафи мәзһабында екендіктерін, кейде песвдосәлафилік уағызшыларды да қолдайтыны кездеседі. Төрт мәзһабтың ешқайсы­сы­н ерекшелеп мойындамайды, тұрақты ұстанбайды. Шынайы мақсатын жасыру үшін ханафи мәзһабындамыз деп айтады. Сондықтан олардың сөздері мен іс-әрекеттері үнемі қарама-қайшы болып көрініп тұрады. Мұндай жалған ағымдардан сақ болған дұрыс.