Культтік сенімнің салдары

0
214

Оккультер- ғылымға белгісіз құпия күштер бар, оны тек «ерекше қасиетті» адамдар тани алады, олар арғы дүниемен байланыс жасай алады деген сәуегейлік. Оған астрология, магия, шамандық, сиқырлықты жатқызуға болады. Қазақстанда бірқатар культтік сенімдегілер деструктивті әрекет жасап жатқаны белгілі. С.И.Ожеговтің сөздігінде «Культ – құдайға қызмет ету және осыған байланысты рәсімдер, біреуге табыну, бас ию немесе бірдемені қасиет тұту, сыйыну» деп көрсеткет.     

      А.Г.Спиркиннің сөздігінде «Культ — латын сөзі «cultus» — қасиет тұту мағынасын аңғартады» депті. Оқу құралдарда «секта» және «культ» терминіне былай анықтама берілген:  Культ – мистикалық тәжірибе немесе  құдайға қызмет көрсету рәсімі, кей адамдарға сыйыну және көркем немесе интеллектуалды бағдарламаларға табынатын адамдардың тобы, үнемі ашық немесе жасырын рәсім-ғұрыптар жасайды. Культтер өзінің мазмұнына қарай позитивті яки қайырымдылық мақсатта да болуы мүмкін…».

       Культтік феномендер ғылымға қайшы және ғылым тарапынан мойындалмайды. Оккультизм иррационалды ойлауға негізделген. Культтерге дәстүрлі дін өкілдері де қарсы. Дін мен культтік таным арасындағы байланыс эзотериялық мәсіхшілдікте, кабала мен теософия секілді діни-фалсафалық ілімдерде кездеседі. Тәурат, Інжіл және Құран культтік істермен айналысуды қатты сынға алады.

     Культтерге дәстүрлі дін өкілдері де қарсы. Астрологиялық және уфологиялық, жаңапұттық және нативистік, сиқырлық, балгерлік, неошамандық-бақсылық, люцифериандық, жалған сопылық және сайтан жолын ұстанған культтер бар. Алланың атын ұранға айналдырған «жолын ашып беруші», «сүйіктісін қайтаратын», «саудасын өрлететін» қара магия культтік сәуегейлерінің әрекеті бақылаусыз қалып отыр. Мектеп пен жоғары оқу орындарында деструктивтік, окультік-магиялық және аморалді жалған ғылыми, жалған психологиялық уағыздардың жасалуынан өте сақ болуымыз қажет.

    Миссионерлікидеологиялық экспансияның бір түрі. Әлеуметтік желілерде жұмыс істеп жатыр деуге болады. Діни өшпенділікке  қарсы күрестің бірден-бір пәрменді құралы – діни ағартушылық жұмыс, діни білім бар азамат болу.

    Толеранттық – басқалардың пікіріне, діни сеніміне, өмір сүру салтына шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.