ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН АТТЕСТАТТАУ ӨТУДЕ

0
108

Түркістан облысында дін қызметкерлерін кезекті республикалық аттестаттау өтуде.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, имамдардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру, үздіксіз ізденісте болуға ынталандыру — Діни басқарманың басты назарынан түскен емес.

Осы ретте аттестаттаудың негізгі мақсаты – ҚМДБ діни қызметінің кадрлық құрамын қамтамасыз ету, имам-молдалардың білім сапасын көтеріп, функционалдық міндеттерін іске асыруда тұлғалық және кәсіби дайындығын арттыру. Осыған сәйкес Түркістан облысының дін қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу іс-шарасына өңірдің мыңнан астам имамдары қатысуда.