ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

0
105

Талғат Әсембай, Шымкент медресе колледжінің директоры

Күллі мұсылманның ұлық мейрамы – ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын!

Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәтте сіздерге, отбасыларыңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жар болсын!

Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей! Ораза айт мерекесі құтты болсын!