Елорда имамдары Құрбан айтқа дайындықтарын пысықтады

0
505

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Құрбан айт мерекесіне орай жалпы жиналыс өткізді.

Жиынға қаладағы 12 мешіттің бас имамдары мен басты жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлер қатысты.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов мешіттердегі Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарымен танысып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының qurban.2021.kz сайтының жұмысына атсалысу, құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу және қаупісіздік-тазалық шаралары, қасапшылар даярлау және оларға түсіндірме семинар ұйымдастыру, құрбандық малының жарамдылығы мен бағасын анықтау секілді мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жауапты қызметкерлер бекітілді.

Айта кетейік, шілде айының 20-жұлдызы – қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Арапа – 19 шілде.