КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

0
615

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті атқарушы органдардың жауапты өкілдерімен бірге қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қабылдау өткіздім.

Қабылдауға жазылған қала тұрғыны екі бөлмелі пәтерін алаяқтарға сеніп сатып жібергеніне наразылығын білдірсе, тағы бір азамат жеке үйінің қарама-қарсы бетіне орналасқан қонақ үй иесі биік қоршаумен үйін қоршап тастағанын жеткізді және мәселелерін шешуді сұрады. Сондай-ақ, тұрғындар негізінен әлеуметтік сала, тұрғын үй, жер кезегі бойынша талап-тілектерін айтты.

Әрбір азаматтың өтініштері жіті қаралып, басқармалар тарапынан жауап берілді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігінің мәселесі дер кезінде шешіліп, өз кезеңінде реттелетін мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымы бақылауға алынып, жауапты мекемелерге жолданды.