Түркия парламентінің депутаты терроризмді қолдағаны үшін ұсталды |

0
423

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Диярбакырдың  түрік парламентінің депутаты Самра Кузалдың «қарулы лаңкестік топқа қатысы бар» деген айыппен ұсталғанын хабарлады, деп EurAsia Daily басылымы жа хабарлады. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Депутат «бұрын террорлық ұйымды ( KЖП  — Күрдістан жұмысшы партиясы) насихаттаған адаммен» бірге Эдирне провинциясына бара жатқан кезінде арнайы және қауіпсіздік қызметімен ұсталды деп хабарланды . «Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, Кузал наурыз айында «КЖП лаңкестерімен» түскен суреттері баспасөзде шыққан кезде депутаттық қол сұқпаушылығынан айырылған. Еске салайық, 1980 жылдардың соңынан бастап Түркияның оңтүстік-шығысында күрдтер мен түрік қарулы күштері арасында текетірес жүріп жатыр. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған  бірқатар күрд, соның ішінде сириялық күштерін (Сирия демократиялық одағы) лаңкестік пен елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті үшін бірнеше рет айыптады. Түркия Күрдістан жұмысшы партиясын (КЖП) ресми түрде террористік топ деп санайды.