Христиан діндары: “Біз мұсылмандарды жақсы көреміз!”

0
481

Осы күндері Ұлыбритания мешіттерінде ашық есік күндері өтіп жатыр. Норвич қаласының мешітіне келген көп қонақтардың ішінде әулие Лука шіркеуінің аға попы Грэхэм Кирк-Сприггс те болды. Ол мешіттің ішкі безендірілуін қызығушылықпен тамашалап, өзінің мұсылмандарға деген қатынасы қандай екені туралы ойын білдірді. “Біз мұсылмандарды, өзіміздің көршілерімізді жақсы көреміз. Бір-біріміздің дәстүрлерімізге өзара сыйластық таныту бізді біріктіреді. Бүгін Ислам дінінің өкілдерімен әңгімелесу мен үшін өте әсерлі болды”, – деді ол. Мешітке келген қонақтар Ислам негіздері туралы мәлімет алып, әйелдер хиджабты киіп көріп, қынамен құсни хат жазып үйренді.