Радикализмнің алдын алудағы дінтану білімінің рөлі

0
444

«Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі офлайн және онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. Сарапшылар мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары профессорларының қатысуымен өткен басқосуда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы дінтану білімінің рөлі жайлы талқыланды. Алқалы жиынды «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев тізгіндеді. Кіріспе сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан министр Дархан Қыдырәлі мырзаның құттықтау сөзі мен жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ тақырыптың өзектілігіне тоқталып, дінтану саласында білім беретін оқу орындарымен тығыз байланыс барысында, түрлі кездесулерден түйген түйінді ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелде  Х. А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің деканы. ф. ғ. д., профессор Досай Кенжетай, Л. Н. Гумилева ат. ЕҰУ оқытушысы, ф.ғ.к. Кеңшілік Тышхан, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің кафедра меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, ҚР ҰҚК Академиясының  профессоры дінтанушы, Ph.D Қайсар Назарбек, ҚҰУ профессоры, ЭТМ ЗО директоры Бишманов Кәкімжан, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, т.ғ.д. Избаиров Асылбек, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының директоры, Ph.D Алмасбек Шағырбай т.б. ғалымдар дінтану саласындағы өзекті мәселделер төңірегінде пікір алмасты. Офлайн және онлайн форматта бас қосқан ғалымдар дінтану саласындағы сан түрлі түйткілдерді талқылаған дөңгелек үстел жаңа бастамаларға түрткі болады деген сенім білдірді.