М. Әуезов атындағы ОҚУ колледж студенттер арасында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың шығу тарихы және түрлері мен ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өтті

0
303

2023 жылдың 11 мамыр күні М. Әуезов атындағы ОҚУ колледж студенттер арасында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың шығу тарихы және түрлері мен ерекшеліктері» тақырыбында Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы ақпараттық-түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шара барысында қазіргі таңдағы әлеуметтік желідегі кереғар діни ағымдардың қоғамға, жастарға ерекше әсері, қауіптілігі жайында айтылды. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының құзыретінде емес, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен күреске бірге атсалысу мәселесі бойынша ақпарат берілді.