Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жат ағыммен күресу, діни оңалту жұмыстары бойынша жиналыс өтті.

Шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған жат ағыммен жұмыс бағытына жауапты имамдар қатысты. 

Бас имам жаңа жүктемелер тапсырып, атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстар бойынша бірнеше мәселелерге тоқталып өтті. Шарада Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев пен облыс бойынша діни оңалту бағытына жауапты Асқар Зәкіржанұлы да сөз сөйлеп, түйткілді істерді тілге тиек етті. 

Имамдар жұмыс барысын пысықтап, нақты мақсат пен міндеттер алды.  

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *