БАС МҮФТИ МУЗЕЙГЕ «МҰСЫЛМАНШЫЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ» ЕҢБЕГІНІҢ ТҮПНҰСҚАСЫН ТАПСЫРДЫ

0
138

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің түпнұсқасын ағартушы-педагог атындағы облыстық музейге тапсырды.

Бас мүфтиді қарсы алған музей директоры Марғұлан Бақытбекұлы Ыбырай Алтынсарин өмірінен дерек айтып, мемориалдық мұражайдың бүгінгі тынысымен таныстырды.

140 жыл бұрын жазылған жәдігер бұған дейін Астанадағы қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында қалпына келтіріліп, Діни басқармаға табысталған болатын. Еңбекті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы әкеп табыстап, бабамыздың діни бағытта шариғатқа негізделіп жазылған шығармасы жайында айтып өтті.

Осылайша 1883 жылы Қазанда жарық көрген жәдігер Қостанайдағы Ы.Алтынсарин атындағы музей қорын толықтырды.