ҚМДБ АВИАКОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

0
135

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау  үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:

  1. Авиакомпанияның «Қажылық-2024» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
  2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
  3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мәдина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
  4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қазақстандық қажыларды 02.06.2024ж. мен 12.06.2024ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 24.06.2024ж. мен 30.06.2024ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну.

Аталған құжаттар осы жылдың 28 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 10 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша жауапты тұлғаға (Жәнділлә Бекжігітов  +77014770717 ) хабарласуға болады.   

ҚМДБ Қажылық бөлімі