Қарағанды: Он отбасыға қаржылай көмек берілді

0
112

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облыстық өкілдігі әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға қаржылай көмек көрсетті. ⠀<

Атап айтқанда, әр отбасыға 100 000 теңгеден қаржылай көмек беріліп, жалпы мөлшері 1 000 000 теңге қаржылай жәрдем көрсетілді. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты – жалғызбасты көпбалалы аналарға қарайласу, мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға қол ұшын созу.⠀

Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілегін айтып, облыс бас имамының ыстық сәлемін жеткізді.