Директор мешітке компьютер сыйлады

0
317

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша бастамасы аясында «Рамазанда мешітке кітап сыйла» атты акциясы аясында Түркістан облысы, Түлкібас аудандық «Түлкібас ата» мешітінің кітапханасына компьютер құрылғысын сыйлады.

Қазақта «туған жеріңе туыңды тік», – деген жақсы сөз бар. Осы игі сөзге амал еткен ҚМДБ қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза отбасы атынан Түркістан облысы, Түлкібас аудандық «Түлкібас ата» мешітінің кітапханасына компьютер құрылғысын сыйлады.

Осындай берекелі айда мешіт кітапханасына сый-құрмет көрсеткен азаматқа аудандық мешіттің бас имамы Мағаз Серік имам алғыс айтып, ризалығын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі