ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен дін саласы бойынша арнайы семинар-кеңес өтті. Семинарға құқық қорғау органдарының өкілдері, дін істері басқармалары және дін проблемаларын зерттеу орталықтарының басшылары қатысты. Жиын барысында министр елдегі діни ахуалға, дін саласының маңызды мәселелеріне, қазіргі жағдайдағы сын-қатерлерге тоқталып, сала бойынша ауқымды міндеттердің шешу жолдарын атап өтті. Іс-шарада еліміздің діни саласын реттеу бойынша жұмыстың үш негізгі бағыты әңгіме болды. Олар: 1) атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысы; 2) интернет кеңістікте радикалды идеологияға қарсы тұру;3) деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан зардап шеккен жандарды оңалту. Өзара пікір алмасу барысында мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелері туралы айтып, жоғарыда аталған бағыттар бойынша маңызды мәселелерді талқылады.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *