Бүгін Шымкент қаласы  әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында қасиетті Рамазан айына қатысты БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Брифинг жұмысына Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен найб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып,  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес,  Шымкент қаласының бас мемлекеттік  санитариялық дәрігердің  және  ҚМДБ-ның тарапынан Рамазан айының  талаптары  мен ережелері түсіндірілді.

Брифингке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауымен үндеуін  таныстырып, жеткізді.Мұнымен қатар, қайырымдылық шаралар,  ауызашар өткізу жәйі, тарауих оқу мәселелері т.б. сұрақтарға жауап берілді.

Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері қатысты.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *