Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн сабақ ұйымдастырылды. «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деп аталатын НЗМ-нің авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген сабақ еліміздегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған. Бұған қаламыздағы жетекші 30 мектептен 900 оқушы қатысып, «Youtube» желісіндегі ресми канал арқылы тікелей трансляцияны тамашалады. Сабақ барысында тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінге дейінгі хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.Айта кетсек, биыл аталған мектепке ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім грантын 145 үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданған. Зияткерлік сабағы барысында барлық карантин талаптары қатаң сақталды.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жазбалар
БАС МҮФТИ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесті.
Кездесу...
Детей нелегально обучали религии в Туркестане
Сотрудники управления по противодействию экстремизму ДП Туркестанской области совместно с Комитетом национальной безопасности по региону установили мужчину, который проводил для...
ШЫМКЕНТ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ 4 ТҮРІ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫР
Қала халқын азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз ету әрі сапалы өнімді өндіру маңызды мақсаттың бірі. Барлық ресурстарды назарға алсақ, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешендегі әлеуеті...
Отандық тарихи сериалдардың таныстырылымы Алматыда өтті
Бүгін Алматыда Мемлекеттiк хатшы Қ.Көшербаев, ҚР Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, медиаменеджерлер, зиялы қауым өкілдері мен журналистердің...
ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ЖӘНЕ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы басталды. Жарыс паралимпиадалық емес 5 спорт түрінен...