«ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДІНИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

0
646

Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы дін істері басқармасы бірлесіп «Халықтар достығы» университетінің мәжіліс залында «Түзеу мекемелеріндегі қызметкерлерінің діни біліктілігін арттыру» атты семинары өткізіледі.

Семинарға мешіт жанындағы жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшелері, дінтанушы теолог мамандар қатысты.

Семинарды елімізге белгілі теолог, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері Дастан Желеуов пен Нұрсұлтан Мамедалиевтар арнайы дәріс оқыды. Мұнымен қатар, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаевтың жетекшілігімен 2 күнге ұласқан семинар соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталды.