Бүгін Шымкент қаласының «Көрме» орталығында «Шымкент өнімдері» көрмесі басталды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған бұл көрме 17-19 қараша күндері аралығында өтеді. Іс-шара — жергілікті тауар өндірушілерін қолдау, оларды халыққа кеңінен таныстыру және тауарлардың өткізу нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруды мақсат тұтады.Көрме экспозициясы құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тағы басқа салалар бойынша 100-ге жуық кәсіпорындар өнімдерімен ұсынылды. Көрменің ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнім түрлерімен танысты, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.Экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрлерін көбейтіп, экспорт географиясы кеңейту жұмыстарының нәтижесінде Шымкент ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасқанын атап өтті.«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру жөнінде тапсырма берді. Қаламыздың өнеркәсіп көлемі жыл соңына дейін 711 млрд. теңгеден асады. Өзімізде өндірілген өнімнің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрайды. 87 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6 пайызға жетті.Ендігі міндет – тауарларымыздың танымалдылығын арттыру. Өнімдеріміздің өткізу нарығын қалыптастыру. Шымкентте шығарылған өнім деп әрқашан мақтанышпен айтып жүретін дәрежеге жетуіміз қажет. Тауар өндірушілеріміздің жұмыстарына табыстар тілеймін!»,-деді қала әкімі.Шымкент қаласы отандық нарықта жекелеген өнімдердің негізгі жеткізушісі болып табылады. Цемент өндірісі, мотор майлары, кілем, аяқ киім, тұрмыстық бұйымдар өнімдері, фармацевтика, азық-түлік өндірісі жөнінен ішкі нарық пен отандық экспорттық әлеуетті арттыруда. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар отандық нарықтың 21 пайызын қамтуда. Қала экономикасын әртараптандыру, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарының үлесін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынып, нәтижесін беруде. Шымкенттік өнімдер көрмесі санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілді. Оған қатысушылар «Ashyq» жүйесі арқылы тіркеліп, мәртебесі айқындалды.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жазбалар
Сапалы діни білім – «Нұр-Мүбарак» университетінде
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде дінге бет бұрған жастардың саны артты.Егемендікпен бірге халық жетпіс жыл бойы жоғалтқан дінін, тілін, ділін қайта қолға алды. Дәл...
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласында қажылық компаниялары басшыларына жиналыс өткізді. Кездесуге Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және...
МҮБӘРАК АЙДЫҢ БЕРЕКЕСІ
Рамазан айы – Алла Тағаланың мүмин пенделеріне берген үлкен нығметі. Бұл айда Раббымыздың мейірімі төгіледі. Әсіресе Оның біз үшін берілетін ғинаяты...
ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«ҚР ТЖМ Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 5-ші өрт сөндіру бөліміне Шымкент қаласы Абай ауданы...
ҰҚК Қарағанды мен Таразда радикалды исламшыларды ұстады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды және Тараз қалаларында терроризмге күдіктелген деструктивті діни ағымның 5 мүшесін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат...