Бүгін Алматыда Мемлекеттiк хатшы Қ.Көшербаев, ҚР Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, медиаменеджерлер, зиялы қауым өкілдері мен журналистердің қатысуымен 9 тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтті.Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.Ұлт қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Жұмабек Тәшенев, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев, Жәңгір хан мен Домалақ ананың өміріне арналған тарихи туындылар «Qazaqstan» арнасының эфирінен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көрсетіле бастады. Ал аты аңызға айналған КСРО Халық әртісі және Халық қаһарманы Роза Бағланованың өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қиын кезеңдерін баяндайтын «Бұлбұл» телехикаясын көрермендер «Хабар» арнасының эфирінен көре алады. Сондай ақ «Almaty TV» телеарнасы өмірінің соңына дейін елім-жерім деп езілген өжет күрескер Тұрар Рысқұловтың өмір жолын баяндайтын «Қызыл жебе» телесериалын түсірсе, «31 телеарна» ұлы ақын Жамбыл Жабаев пен жас рэпер Жамбоның тағдырына арналған «Жүрек жыры» телесериалын көрерменге ұсынып отыр. «Кино – ұрпақ санасын қалыптастыратын идеологиялық құрал. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп, әлемдік мәдениеттің мың сан бояуы бір арнада араласып кеткен заманда есік-тереземізді қымтап, өркениеттен бөлектеніп өмір сүре алмасымыз анық. Осы ретте ұлттық идеологиямызды насихаттауда, ұрпаққа ұлағатты тәрбие беруде, ұлттық сипатымызды танытуда кино өнерінің алар орны ерекше. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» мақаласында аталған салаға айрықша басымдық берді. Президент мақаласында «Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын» деген болатын» — деді шараның ашылуында ҚР Мемлекеттiк хатшысы Қырымбек КөшербаевШараға қатысты ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында қатысушылар отандық сериал нарығының бүгіні мен ертеңі жайлы сөз қозғап, өзекті мәлеселерді талқылады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандық телесериалдарды түсіру бағытында анықталған проблемаларды атап өтіп, оның шешу жолдарын ұсынды. «Отандық телесериалдар түсіру жобасына Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының әлеуетін пайдалану. Бұл бірінші кезекте қаржы жетіспеушілігіне байланысты мәселені шешуге бірден бір септігін тигізер еді. Екіншіден, мемлекеттік ақпарат тапсырысы шеңберінде бөлінетін қаржыны үш жылдық бюджет форматына ауыстыру. Бұл тарихи туындыларды түсіруге жеткілікті уақыт беріп, түсірілім барысында туындаған мәселелерді сапалы шешуге оң ықпал етер еді. Тағы бір атап өтетін мәселе тарихи туындылар түсіруге қажетті реквизиттердің жетіспеушілігі жиі орын алады. Бұл ретте, «Қазақфильмнің» балансындағы костюмдер мен декорацияларды жеңілдікпен немесе тегін пайдалану мүмкіндігі қарастырылса. Бүгінде оларды сериалдарға қолдану үшін қомақты төлемақы талап етіледі. Бұл де өз кезегінде бөлінген қаржыға айтарлықтай салмақ салады» -деді министр өз сөзінде.
Соңғы жазбалар
ЯДОВИТЫЕ ПРОПОВЕДИ. КОСТЕКСКИЙ
https://www.youtube.com/watch?v=gvwbLmuaJWs
Религиозные экстремистские идеологи продолжают травить умы рядовых граждан. В данном выпуске мы расскажем об Абдулле...
ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында Азаматтық ресурстық орталық ашылды. Аталған шараға Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары...
Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі және аталған оқу орнында сәләфилік бағытта білім алатын қазақстандықтар...
Білім алу – қанша уақыттар өтсе де, өзінің өзіктілігін еш заманда жоғалтқан емес. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекетіміздің дамуына негізделіп қойылған...
ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ – ҚАЛА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚУАТЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
Шымкентте жергілікті тауар өндірушілер шығаратын өнім түрлерінің көрмесі ашылды. Қала экономикасының тірегі саналатын 100-ге жуық кәсіпорын «Шымкент өнімдері» тақырыбымен алдағы...
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен кездесуін Әл-Фараби ауданында жалғастырды. Кездесуге Наурыз, Ақжайық, Самал-2, Спорт, Отырар, Айқап-Түркістан, шағын ауданы мен...